Қант диабеті

 

Біздің заманымызға дейін бір жарым мың жыл бұрын ежелгі мысырлықтар «Папирус Эберса» атты медициналық трактатында қант диабетіне сипаттама беріп кеткен екен. Бұл ауру туралы ойланып-толғанған ежелгі Греция мен Риммнің әйгілі дәрігерлері де жетерлік. Емші Аретаиус ауруға «диабет» еген атау ойлап табады, грек тілінде «ағып өтем, сүзіп өтем» дегенді білдіреді. Ғалым Цельс қант диабеті асқазан дұрыс қорытпағаннан туындайтынын дәлелдесе, ұлы Гиппократ диагнозды науқас зәрінің дәмін татып көріп қойған екен. Айтпақшы, ежелгі қытайлықтар да қант диабеті кезінде зәрдің тәтті болатынын білген. Олар ара мен шыбындардың көмегімен диагноз қоюдың өзіндік тәсілін ойлап тапты. Егер шыбындар зәр құйылған ыдысқа қонатын болса, зәрдің тәтті болғаны, демек адам ауруға шалдыққан. Қант диабеті

Қант диабеті – бұл эндокриндік ауру, ұйқы безі бөлетін гормон – инсулиннің мүлде бөлінбеуінен не жеткіліксіз түрде бөлінуінен қандағы қант деңгейінің көтерілуімен сипатталады. Ауру барлық зат алмасу үдерістерінің бұзылуына әкеледі, қан тамырларын, жүйке жүйесін, басқа да жүйелер мен ағза мүшелерін зақымдайды.

Түрлері:

1. Инсулинге тәуелді диабет (қант диабетінің 1 түрі) көбіне балалар мен жастарда кездеседі;

2. Инсулинге тәуелсіз диабет (қант диабетінің 2 түрі) әдетте 40 жастан асқандардың және артық салмағы бар адамдарда болады. Диабеттің осы түрі кең ( 80-85% жағдайда);

3. қайта айналып соғатын (немесе симптоматикалық) қант диабеті;

4. Аяғы ауыр келіншектер диабеті.

5. Жеткілікті өлшерде тамақтанбағанда туындайтын диабет

Қант диабетінің 1 түрінде инсуллин мүлде бөлінбейді, ұйқы безі жұмысының бұзылуына байланысты.

Қант диабетінің 2 түрінде инсуллин жеткіліксіздігі байқалады. Ұйқы безі жасушалары инсулиннің жеткілікті мөлшерін жасап шығарады (кейе тіпті артық мөлшерде). Алайда жасуша беті жабылып, қандағы глюкозаның жасуша ішіне сіңуіне тосқауыл болады. Жасушадағы инсуллин жетіспеушілігі инсуллиннің көп мөлшерде бөлуіне себеп болады, бірақ ол көп бөлінгенімен жасушаға сіңбей, уақыт өте келе инсуллин бөлунуі азаяды.

Себептері

Қант диабетінің 1 түрі аутоимундық үдерістерден туындайды, яғни имуундық жүйедегі ақауларға байланысты ағза ұйқы безі жасушаларына қарсы антиенелерді бөліп, оларды зақымдайды. Диабеттің 1 түрінің пайда болуына әкелетін негізгі фактор инфекция(краснуха, ветряная оспа, гепатит, эпидемический паротит (свинка) и т.д.) , генетикалық түрғыдан ауруға шалдығу мүкіндігі бар болса.

Селен элементі бар биоқоспаларды үзбей пайдалану 2 типті қант диабетінің туындауына себеп болуы мүмкін. Қант диабетінің 2 түрі пайда болу үшін негізгі екі фактор әсер етеді: семіздік және тұқымқуалаушылық.

Семіздік. Семіздіктің 1 сатысында қант диабетінің туындау мүмкіндігі 2 есеге артады, семіздіктің 2 сатысында – 5 есе, 3 сатысында – 10 еседен көп. Аурумен семіздіктің абдоминальды түрі көп байланысты – бұл кезде май қарынға жиналады.

Тұқымқуалаушылық. Ата-анасында немесе жақын туыстарында қант диабеті болса адамның ауруға шалдығу мүкіндігі 2-6 есеге артады.

Инсулинге тәуелсіз диабет біртіндеп дамиды, белгілері де біліне қоймайды.

Қайта айналып соғатын диабет себептері:

Ұйқы безінің аурулары (панкреатит, ісік, резекция и т.д.);

Гормондық бұзылыс (Иценко-Кушинг синдромы, акромегалия, диффузды- токсикалық зоб, феохромоцитома);

Дәрі-дәрмек пен химиялық заттардың әсері;

Инсуллин рецепторларының өзгерісі;

Кейбір генетикалық синдромдар;

Аяғы ауыр келіншектрдің диабетін және жеткіліксіз мөлшерде тамақтағаннан кейінгі диабетті атап айту қажет.

Қандай өзгеріс болады?

Диабет туындауының себебі қандай болса да, салдары біреу: ағза тамақпен бірге ағзамызға түсетін глюкозаны (қантты) толықтай пайдалана алмайды, бұлшық еттер мен бауырда қоры сақталмайды. Көп мөлшерегі пайдаланылмай қалған глюкоза қанмен айналып жүре береді, біразы зәр арқылы шығады, бұл Қант диабетібарлық ағза мүшелеріне және тіндеріне кері әсер етеді. Глюкоза жасушаларға қажетті мөлшерде сіңбегендіктен, қуат энергиясын майлардан ала бастайды. Нәтижесінде әсіресе миға зиянды кетоновтық денелер деп аталатын токсинік заттар түзіліп, май, ақуыз, минералды алмасу бұзылады.

Қант диабетінің белгілері:

шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін);

кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де);

ауыз құрғау

әл құру

тәбеттің күшті болуы

терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы);

ұйқының қанбауы;

шаршап тұру;

жараның ұзақ уақыт емделмей қоюы

қант диабетінің 1 түріндде ада тез салмақ тастайды

ал 2 түрінде аса көп салмақ қосады

инсулинге тәуелді 1 түрі тез дамиы, кейде кенет пайда болуы мүмкін. Инсуллинге тәуелсіз диабет біртіндеп дамиды, белгілері де тез біліне қоймайды.

Қант диабетінің асқынулары:

Жүрек-қан тамыр аурулары ( тамырлар атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктысы);

Перифериялық артериялар, аяқ артерияларының атеросклерозы.

Аяқтардың микроангиопатиясы (ұсақ қан тамырларының зақымдануы);

Диабет ретинопатиясы (көздің көру қабілеті нашарлайды);

нейропатия (сезу мүшелерінің бұзылысы, терінің кеуп, қабыршақтануы, аяқтағы тырысу, ауырсыну);

нефропатия (зәрмен ақуыздың бөлінуі, бүйрек жұмысының бұзылуы);

Диабет кезіндегі табан — жұмсақ тіндердің, терінің, тамырлардың, перифериялық жүйкелердің бұзылуынан туындайтын табан аурулары (жаралар, іріңнің жиналуы)

Түрлі инфекцялық асқынулар (терінің іріңдеп кетуі, табан зеңі мен тырнақтар ауруы тсс);

Ес-түссіз жату (диабет кезінде, гиперосмолярлық, гипогликемикалық).

2 түрдегі қант диабеті кезінде жалпы хал-ахуалдың нашарлығы, әлдің құруы, іштің ауруы, құсу, ауыздан ацетон иісінің шығуы байқалады. Бұл қанда кетоновтық заттарың (кетоацидоз) жиналып қалуымен түсіндіріледі. Егер дер кезінде шара қолданбаса, науқас есінен тануы мүмкін – диабет комасына түсіп, көз жұмуы ықтимал. Шамадан тыс инсуллин қабылдаған кезде және қандағы глюкозаның күрт түсуінен адам комаға түсуі мүмкін.

Диабет кезінде асқынуларға тап болмау үшін үнемі қандағы қант деңгейін бақылап тұсу керек және емдеу қажет.

Ауруды анықтау және емдеу

Қант диабетіне шалдыққандар міндетті түрде эндокринолог дәрігердің тіркеуінде болуы шарт.

Қант диабетін анықтау үшін келесі зерттеулер жүргізіледі:

Қандағы глюкозаны анықтау: аш қарынға капиллярық қандағы (саусақтан алынатын қан) глюкозаны анықтау .

Глюкозаға толеранттылықты тексеру: аш қарынға 75 г глюкозаны 1-1,5 стақан суға араластырып ішіп, 0,5-2 сағаттан кейін қандағы глюкозаның концентрациясын анықтау;

Зәрдегі глюкоза мен кетонов денелерін анықтау: егер зәрде бар болса, демек, адам науқастанған.

Гликозилирдік гемоглобин: қант диабетіне шалдыққандарда көп мөлшерде болады.

Қандағы инсулин мен С-пептидтерді анықтау: 1 түрінде қандағы инсулин мен С-пептидтердің саны азаяды, 2 түрінде қалыпты болуы мүмкін.

Диабетті емдеу үшін:

Қант диабеті

Арнайы диетаны ұстану керек: қант, шәрбат, тәтті жемістерді, печенье қолданбаған жөн. Аз-аздан күніне 4-5 рет тамақтану керек. Қантты алмастыратын өнімдерді қолданған абзал (аспартам, сахарин, ксилит, сорбит, фруктоза и тб)

Күнде инсуллин салу (инсулинотерапия) — 1 түрімен ауыратын адамдарға қажет немесе 2 түрі асқынып кеткен жағдайда қолдану керек. Дәрі арнайы шприц-қалам түрінде шығарылады, оңай салуға болады. Инсуллинмен емделу кезінде әрдайым қандағы және зәрдегі инсуллин мөлшерін бақылап отыру керек (арнайы жолақшалардың көмегімен).

Дәрі-дәрмек қабылдау, олар қандағы қантты түсіреді. Әдетте диабеттің 2 түрін емдеуді осы дәрілерді ішуден бастайды. Ауру асқынып дамыса инсуллин салу керек болады

Қант диабетіне шалдыққандарға дене жаттығулары пайдалы. Семіздікке ұрынған адамдар салмағымен күрессе ем нәтижелі болмақ.

Қат диабетін өмір бойы емдейді. Өзін-өзі бақылап жүру, дәрігер кеңестерін бұлжытпай орындау аурудың асқынып кетуіне жол бермейді.

Sidebar